АЛМАТЫ, 9 шілде - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин кентінде 4 көлік өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 9 шілдеде болған.
"Заводская көшесіндегі "Восход" ЖШС аумағында 20 шаршы метр алаңда автокөлік бөлшектері бар металл контейнер жанып кетті. Салдарынан 2 ПАЗ көлігі толығымен жанып кетті. Тағы екі көлік зардап шекті", - дейді ведомство.
Өрт таңғы 04:00 шамасында толық сөндірілді.