Щучье қаласында қатты соққан дауыл көпқабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті

Sputnik
КӨКШЕТАУ, 8 шілде – Sputnik. Ақмола облысының Щучье қаласында жаңбыр мен бұршақтан кейін соққан дауыл үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Зардап шеккендер жоқ, жергілікті қызметтер дауыл салдарын жойып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Щучьеде соққан дауыл салдарынан бес қабатты үй шатырсыз қалды. Қатты жел үйлердің төбелерін жұлып әкеткен, ал оның кесектері көпқабатты үйдің жанына ұшқан.
Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі ақпаратты растады.
"Аудан орталығында қатты екпінді жел салдарынан Ломоносов көшесіндегі бес қабатты №22 үйдің шатыры ұшып кетті. Соның жанында орналасқан №59 үйдегі сегіз пәтердің терезесі мен балконы сынған. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, қаланың барлық қызметтері төтенше жағдайдың салдарын жойып жатыр", - деп түсіндірді жергілікті атқарушы орган.
Дауыл салдарын жоюға 14 адам мен төрт техника жұмылдырылғаны нақтыланды.
Ал, тұрғындар бір емес, бірнеше үйдің терезесі мен балконына зақым келгенін айтады, ағаштар құлаған Сондай-ақ, олардың айтуынша, шатырсыз қалған көпқабатты үй 2007 жылы пайдалануға берілген.
Қазіргі уақытта дауылдың басқа да ықтимал салдары нақтылануда.
Павлодарда сауда үйінің шатыры адамдардың үстіне құлады