Павлодарда сауда үйінің шатыры адамдардың үстіне құлады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Павлодар қаласында қатты дауыл сауда үйінің шатырын ұшырып әкетті. Төтенше жағдай кезінде екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін түскі уақытта 13:54-те "Артур" сауда үйінің шатыры құлады. Ресми мәліметке сәйкес, ғимараттың сыртқы қаптауы да опырылып, жазғы дәмхананың үстіне құлаған.
Құтқарушылар үйіндінің арасынан 1975 жылы туған ер адамды алып шықты. Оны дереу ауруханаға алып кетті. Екі аяғы сынған. Бұған дейін тағы бір ер адамды жедел жәрдем алып кеткен. Ол басынан жарақат алды.
Облыстық жедел жәрдем станциясының ақпараты бойынша төтенше жағдай туралы хабар 13:52-де түскен. Оқиға орнына бірден екі көлік жіберілді. Жарақат алғандарды 1 қалалық ауруханаға жатқызды.
Атырау облысындағы дауылдың салдары. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2023
Түркістан облысында қатты жел колледждің шатырын жұлып әкетті
Жаңалықтар
0