Құтқарушылар Павлодар көшелеріндегі жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 8 шілде - Sputnik. Павлодарда қатты соққан дауыл салдарынан көшелерді су басты, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар миистрлігі.
"Қатты жауын-шашынның салдарынан Павлодар қаласында ашық аумақты: жолдың жүретін бөлігін, көпқабатты тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларын су басты", - делінген вдеомство хабарламасында.
Министрлік атап өткендей, Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаметінің күштері мен құралдары жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, күні кеше Павлодарда қатты дауыл соғып, сауда үйінің шатыры опырылып түсті, ағаштар құлап, электр жарығы өшіп қалды.
5 237 тұтынушы жарықсыз қалды.
Павлодарда сауда үйінің шатыры адамдардың үстіне құлады