Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергоблок тағы істен шықты

Sputnik
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергоблок тағы да тоқтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергоблоктың жұмысы тоқтатылған болатын. 4 шілде күні кешкі уақытта энергоблок салқындағаннан кейін жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. 6 шілдеде таңғы сағат 05.51-де оны іске қосқан.
"Жөндеу жұмыстары сапалы жасалғанымен 6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-те №1 энергоблокты тағы да тоқтатуға тура келді. Қазіргі уақытта ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Компания таратқан мәліметке сәйкес, облыста тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ елді мекендерді сумен жабдықтау жағынан шектеулер жоқ.
"Жөндеу жұмыстарын 9 шілде сағат 24.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім берілді. Жөндеу жұмыстарын 8 шілде 00.00-ден кейін бастау жоспарлануда. Себебі энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет", - дейді мамандар.