Сырдария өзеніне батып кеткен 2 адамның денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Осыдан 4 күн бұрын Сырдария өзеніне батып кеткен 2 адамның денесі табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олардың денесін ағыс 10-15 шақырым жерге дейін ағызып алып кеткен.
1984 жылғы жігіттің денесі 3 шілде кешкі сағат 19:35-те судан шығарылды. Ал 17 жастағы жасөспірімді 4шілде күні депаратменттің қызметкерлері жоғалған жерден 15 шақырым аймақтан судан шығарып алған.

"Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 шілде күні 2 азаматтың мәйіті судан шығарылды. Жалпы іздеу-құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 10 жеке құрам, 2 жүзу құралы және 2 техника, полиция депаратментінен 2 жеке құрам және 1 техника және туыстарынан 10 адам жұмылдырылды", - деп атап өтті Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Ал Түркістан облысында жыл басынан бері суға кетудің 30 жағдайы тіркелген. Суға батып кеткендердің көпшілігі – балалар.
Қарағанды облысында екі адам суға батып кетті