https://sputnik.kz/20230621/qaragandy-oblysynda-eki-adam-suga-batyp-ketti-36219298.html
Қарағанды облысында екі адам суға батып кетті
Қарағанды облысында екі адам суға батып кетті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Қарағанды облысы Абай ауданы Самара ауылында екі ересек адам суға кетіп көз жұмды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар... 21.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-21T21:17+0500
2023-06-21T21:17+0500
2023-06-21T21:17+0500
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36219116_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_bd1c9896b5c40f120b17ae0c32fbe8a2.jpg
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Қарағанды облысы Абай ауданы Самара ауылында екі ересек адам суға кетіп көз жұмды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.18 маусымда Самарка ауылының маңында екі адам жоғалып кеткен.Із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі 19 маусым сағат 15:25-те Нұра өзенінен табылған."Жоғалған екінші ер адамның денесі 20 маусымда сағат 16:05-те іздеу жұмыстары басталған жерден 3,5 шақырым жерде Нұра өзенінен табылды. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.Жалпы Қарағанды облысы бойынша шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы төрт адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала суға кетіп, қайтыс болған.Ал республика бойынша жыл басынан бері 72 адам суға кетті, оның 23-і 18 жасқа толмаған. Шомылу маусымы басталғалы 45 адам суға кетіп ажал құшқан, оның 17-сі бала.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36219116_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_b926e7bb0199c6d154ecffa9f71924bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Қарағанды облысы Абай ауданы Самара ауылында екі ересек адам суға кетіп көз жұмды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
18 маусымда Самарка ауылының маңында екі адам жоғалып кеткен.
"Сағат 21:50-де Абай ауданы Самарка ауылының маңында 1986 жылы туған әйел адам мен 1987 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының ТЖД күштері жұмылдырылды", - дейді ведомство.
Із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі 19 маусым сағат 15:25-те Нұра өзенінен табылған.
"Жоғалған екінші ер адамның денесі 20 маусымда сағат 16:05-те іздеу жұмыстары басталған жерден 3,5 шақырым жерде Нұра өзенінен табылды. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Жалпы Қарағанды облысы бойынша шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы төрт адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала суға кетіп, қайтыс болған.
Ал республика бойынша жыл басынан бері 72 адам суға кетті, оның 23-і 18 жасқа толмаған. Шомылу маусымы басталғалы 45 адам суға кетіп ажал құшқан, оның 17-сі бала.