АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы нысандарды сыртқы электрмен жабдықтау жүйесіндегі кернеу тұрақталғаннан кейін Атырау мен Теңіз мұнай айдау станцияларын іске қосты.
Жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау жанданды, деп хабарлайды NRG_monitor.
Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы МАЭК-тегі апатқа байланысты Қазақстандағы үш мұнай айдау станциясының жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған болатын.
Еске салсақ, бұған дейін МАЭК нысандарында апат болып, Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесінде кернеудің төмендеуіне және өңірде жаппай жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған болатын.