Каспий құбыр консорциумы қазақстандық үш станцияның жұмысын тоқтатты

© Sputnik / Виталий ТимкивНефтехранилище Каспийского трубопроводного консорциума (КТК-Р), архивное фото
Нефтехранилище Каспийского трубопроводного консорциума (КТК-Р), архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы (МАЭК) апатқа байланысты Қазақстандағы үш мұнай айдау станциясының жұмысын тоқтатты, деп хабарлады РИА Новости.
"Батыс Қазақстанның электр желілеріндегі төтенше жағдайдың салдары әлі толық жойылмағанын айтуға мәжбүрміз. "Атырау Жарықтан" электр қуаты берілмеуіне байланысты Теңіз мұнай айдау станциясы тоқтатылды, Теңізшевройлдан мұнай қабылдау жалғасады", - деп хабарлады консорциум.
Каспий құбыр консорциумының мәліметінше, "Атырау Жарық" компаниясы тарапынан кернеудің төмендеуіне байланысты Атырау мұнай айдау станциясы тоқтатылды, барлық мұнай жабдықтаушыдан мұнай қабылдау тоқтатылды.
"Теңіз бен Атырау мұнай айдау станцияларының жұмысы тоқтатылуына байланысты Каспий құбыр консорциумы Бас басқару орталығныың бұйрығымен Исатай мұнай айдау станциясы тоқтатылды", - деп толықтырды компания.
Еске сала кетейік, бұған дейін МАЭК нысандарында апат болып, Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесінде кернеудің төмендеуіне және өңірде жаппай жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған болатын.
Жаңалықтар
0