МАЭК-тің жағдайы күрделі екенін білдік – Сәтқалиев

Әкімдік МАЭК-ке 4,9 млрд теңге сұраған, үкімет биыл 3,1 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау атом электр комбинатындағы апатқа не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"МАЭК комбинатында жағдай күрделі екенін білдік. Тек компания қызметкерлері ғана емсе, облыс әкімдігі де, мемлекеттік энергобақылау қызметкерлері де мұны түсінді. Осы жағдайды жою үшін әкімдік 4,9 млрд теңге сұрады. Биыл аталған комбинатқа 3,1 млрд теңге қарастырылған", деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, МАЭК-тегі апат – кәсіпорынның ұзақ уақыт бойы жеткілікті қаржыландырылмауының салдары. Жабдық тозған, күрделі жөндеу дер кезінде толық жүргізілмеген, жалақы төмен болуына байланысты кәсіби кадрлар жетіспейді.
"Осының бәрі апатқа себеп болды. Мұндай апатты жағдайларды жою үшін уақыт қажет екенін түсінуіміз керек. Бұл энергокәсіпорынға арналған жабдық алты айдан сегіз айға дейін дайындалады. Сондай-ақ білікті мердігер ұйымдарды тарту үшін тендер өткізу қажет. Аталған блок бойынша белгілі бір жөндеу жоспарланып, өткізілді. Соңғы шешім комиссияның тексерісінен кейін қабылданады", - деді министр.
Еске салсақ, 3 шілде күні МАЭК энергоблоктарының бірі істен шықты. Соның салдарынан Маңғыстау мен Атырау облыстарында өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.