Алматыда мотоцикл қоршауға соғылды: 6 жасар бала көз жұмды

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылында мотоцикл апатынан жас бала көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2 шілдеде сағат 21:00 шамасында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
"1981 жылы туған азамат Жібек жолы ауылы көшелерінің бірінде мотоцикл жүргізіп келе жатып, рөлді басқара алмай, ғимарат қоршауына соқтығысқан. Жол апатынан жүргізуші мен оның 2017 жылғы кәмелетке толмаған қызы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ауруханада бала есін жимастан көз жұмды", - дейді ведомство.
Қазіргі күні ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тергеу басталды.
Павлодарда трамвай адам қағып өлтірді: жүргізуші қашып кеткен