Жетісу облысында құны 7 млн теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Жетісу облысында заңсыз темекі өнімдері салынған 10 мыңнан астам қорап тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаментіне сілтеме жасап.
Депаратменттің мәліметінше, бақылау-есепке алу маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерін тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
"Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта темекінің шығу тегі анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қоғам
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды