АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Жетісу облысында аудандық балабақшалардың бірінің бухгалтері 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Жетісу облысының Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәлімтінше, жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталған. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасында айырмашылық болған.
"Аталған фактіге қатысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша (аса ірі мөлшерде ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп атап өтті ведомство.
Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр.
Осы баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.