АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамы Павлодар филиалының басшылығы мен қызметкерлері ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті.
"Іс фигуранттары өңірдегі кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тергеу жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.