АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мемлекеттік сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың II отырысында мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық-талдамалық құжаттармен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі.
Осы орайда Ерлан Қарин аналитикалық құрылымдардың басты міндеті мемлекеттік органдар үшін кешенді зерттеулер жүргізу екенін атап өтті. Сонымен бірге ол сараптамалық институттар мен орталықтар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту және бір-бірімен материалдар алмасуы қажет екеніне назар аударды.
Жиын соңында мемлекеттік саясатты сараптамалық құжаттармен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар әзірленді.