Саясат

Қарин мәжіліс сайлауының 10 ерекшелігін атады

© Sputnik / Абзал КалиевЕрлан Қарин
Ерлан Қарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы мәжіліс сайлауының басты он ерекшелігін тізіп шықты.
Қарин Telegram-арнасында алдағы сайлаудың басты он ерекшелігін атады:
2004 жылдан кейін алғаш рет мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы);
үміткерлерге партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туды;
бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды;
партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді;
әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады;
мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;
алғаш рет мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында "бәріне қарсымын" деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі;
сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;
облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;
сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны – төртеу).

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау биыл 19 наурызда өтеді.
Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 20 қаңтарда басталады және 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.
18 наурыз – тыныштық күні.
Сайлаудан кейін мәжіліс 98 депутаттан тұрады. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаттығына мынадай талаптар қойылады:
Қазақстан азаматы болуы керек;
соңғы он жылда Қазақстан аумағында тұруға тиіс;
кем дегенде 25 жаста болуы шарт.
Жаңалықтар
0