АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Абай облысы Ақсуат ауданындағы асфальт зауытында битум өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 3 шілдеде болған.
"Өрт сөндірушілер зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтады. Жалпы көлемі – 10 тонна", - деп атап өтті ведомство.
Қызыл жалынды көбікпен сөндіруге кіріскен өрт сөндірушілер оны жарты сағаттың ішінде өшірді.
Департаменттің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.