Абай облысында зауыттан өрт шықты

© Photo : Абай облысы төтенше жағдайлар департаментіАбай облысында заводтан өрт шықты
Абай облысында заводтан өрт шықты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Абай облысы Ақсуат ауданындағы асфальт зауытында битум өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 3 шілдеде болған.
"Өрт сөндірушілер зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтады. Жалпы көлемі – 10 тонна", - деп атап өтті ведомство.
Қызыл жалынды көбікпен сөндіруге кіріскен өрт сөндірушілер оны жарты сағаттың ішінде өшірді.
Департаменттің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Лесной пожар в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Абай облысында тағы да өрт шықты
Жаңалықтар
0