Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент домбыра ұлттың символына айналғанын атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
"Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз", – деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылы шілдеде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді.
Дерекқор
"Нағыз қазақ – домбыра": қос ішекті аспап жайлы қызықты деректер