Қостанайда жаяу адамға жол бермейтін жүргізушілер жаңа әдіспен анықталады

Sputnik
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қостанайда полиция жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді жасырын патрульдеу арқылы анықтайды, деп хабарлады Polisia.kz.
Патрульдеудің жаңа әдісі басқа да жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қызметтік автокөліктердегі жол қауіпсіздігін бақылайтын қызметкерлер құқық бұзушылықты арнайы құрылғыға тіркейді, содан кейін ақпарат жақын маңдағы патрульге беріледі.
"Жасырын патрульдеудің негізгі міндеті – көлік ағынында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау. Бұл жұмыс фото-бейнетіркеу кешендері жоқ жерлерде көмектеседі", - деді Қостанай қаласы ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Алмат Қарымсақов.
Жыл басынан бері облыс орталығының аумағында 67 жол апаты болды. Оның 50%-нан астамында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен.
Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі өсті