https://sputnik.kz/20230630/qostanayda-zhayau-adamga-zhol-bermeytin-zhurgizushiler-zhana-adispen-anyqtalady-36471173.html
Қостанайда жаяу адамға жол бермейтін жүргізушілер жаңа әдіспен анықталады
Қостанайда жаяу адамға жол бермейтін жүргізушілер жаңа әдіспен анықталады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қостанайда полиция жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді жасырын патрульдеу арқылы анықтайды, деп хабарлады Polisia.kz. 30.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-30T21:51+0500
2023-06-30T21:51+0500
2023-06-30T21:51+0500
жол жүру ережесі
https://sputnik.kz/img/590/37/5903769_0:94:1052:686_1920x0_80_0_0_15c1decff5393035a3cc6e1ded61c072.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қостанайда полиция жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді жасырын патрульдеу арқылы анықтайды, деп хабарлады Polisia.kz.Патрульдеудің жаңа әдісі басқа да жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.Қызметтік автокөліктердегі жол қауіпсіздігін бақылайтын қызметкерлер құқық бұзушылықты арнайы құрылғыға тіркейді, содан кейін ақпарат жақын маңдағы патрульге беріледі."Жасырын патрульдеудің негізгі міндеті – көлік ағынында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау. Бұл жұмыс фото-бейнетіркеу кешендері жоқ жерлерде көмектеседі", - деді Қостанай қаласы ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Алмат Қарымсақов.Жыл басынан бері облыс орталығының аумағында 67 жол апаты болды. Оның 50%-нан астамында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен.
https://sputnik.kz/20230102/zhol-qozgalysy-erezhesin-buzgany-ushin-salynatyn-ayyppul-kolemi-osti-30811693.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/590/37/5903769_6:0:1046:780_1920x0_80_0_0_bf426d7429a1a749e073ada37e27bcba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жүру ережесі
Қостанайда жаяу адамға жол бермейтін жүргізушілер жаңа әдіспен анықталады
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қостанайда полиция жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді жасырын патрульдеу арқылы анықтайды, деп хабарлады
Polisia.kz.
Патрульдеудің жаңа әдісі басқа да жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қызметтік автокөліктердегі жол қауіпсіздігін бақылайтын қызметкерлер құқық бұзушылықты арнайы құрылғыға тіркейді, содан кейін ақпарат жақын маңдағы патрульге беріледі.
"Жасырын патрульдеудің негізгі міндеті – көлік ағынында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау. Бұл жұмыс фото-бейнетіркеу кешендері жоқ жерлерде көмектеседі", - деді Қостанай қаласы ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Алмат Қарымсақов.
Жыл басынан бері облыс орталығының аумағында 67 жол апаты болды. Оның 50%-нан астамында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен.