Бақыт Сұлтанов шекаралас өңірлер ЕАЭО елдерінің экономикасын қалай дамыта алатынын айтты

Sputnik
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. ЕАЭО елдерінің шекаралас аймақтары көршілес мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына белсенді қатысу мүмкіндігіне ие және олардың белсенділігін арттыру маңызды, деді Еуразиялық экономикалық комиссия министрі Бақыт Сұлтанов "ЕАЭО елдеріне экспорт: өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық әлеуеті" атты Новосібір қаласында өтіп жатқан V халықаралық конференциясында.
Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі мемлекеттік сатып алу нарығының өсіп жатқанын және 189,9 миллиард долларға бағаланғанын атап өтті.
"Одақтағы жалпы мемлекеттік сатып алу нарығы жыл сайын өсіп жатыр. Ал соңғы бір жыл ішінде мемлекеттік сатып алулар аясындағы тауарларды өзара жеткізу жеті еседен астам, яғни төрт миллиард долларға дейін өсті", - деді Бақыт Сұлтанов.
Бақыт Сұлтанов құттықтау сөзінде еуразиялық жоба аясында шекаралас аймақтарды дамытуға үлкен мән беріліп отырғанын атап өтті.
"Одақтың энергетика, көлік-логистика салаларында интеграциялық әлеуеті зор. Бірлестік аясында саудадағы кедергілерді жою бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатыр. ЕАЭО кеңістігіндегі нарықтар жалпыға ортақ және кәсіпкерлер үшін ашық болып келе жатыр", - деді Бақыт Сұлтанов.
ЕАЭО елдері тауарлардың шығарылған елін растау ережелеріне толықтырулар енгізуге келісті