https://sputnik.kz/20230626/eaeo-elderi-tauarlardyn-shygarylgan-elin-rastau-erezhelerine-tolyqtyrular-engizuge-kelisti-36346480.html
ЕАЭО елдері тауарлардың шығарылған елін растау ережелеріне толықтырулар енгізуге келісті
ЕАЭО елдері тауарлардың шығарылған елін растау ережелеріне толықтырулар енгізуге келісті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 маусым— Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау... 26.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-26T16:27+0500
2023-06-26T16:27+0500
2023-06-26T16:27+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_4adb35cf617af745e47ce0ada7d2d2a2.jpg
АСТАНА, 26 маусым— Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау қағидаларының жаңа шарттарына келісті, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия сайты.23 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау ережелерінің №1 қосымшасына толықтырулар енгізілді. Бұл мәселе Қазақстан бастамасымен күн тәртібіне қосылды."Энергетикалық машина жасау, электротехникалық және кабель өнеркәсібі" саласының алты тауар позициясы үшін мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат комиссия құратын өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімінен алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылатыны нақтыланады.Тиісті мемлекеттік органдар мен елдердің бизнес өкілдері келісілген өндіріс шарттарына сәйкес келетін өнімдер тізілімге енгізілуі мүмкін.
https://sputnik.kz/20230621/eaeo-elderinde-basekelestik-erezhesi-saqtalyp-zhatyr-ma-36218663.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_b5f210999a729a0779cdcac807f8100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдері тауарлардың шығарылған елін растау ережелеріне толықтырулар енгізуге келісті
АСТАНА, 26 маусым— Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау қағидаларының жаңа шарттарына келісті, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия
сайты.
23 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау ережелерінің №1 қосымшасына толықтырулар енгізілді. Бұл мәселе Қазақстан бастамасымен күн тәртібіне қосылды.
"Энергетикалық машина жасау, электротехникалық және кабель өнеркәсібі" саласының алты тауар позициясы үшін мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат комиссия құратын өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімінен алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылатыны нақтыланады.
Тиісті мемлекеттік органдар мен елдердің бизнес өкілдері келісілген өндіріс шарттарына сәйкес келетін өнімдер тізілімге енгізілуі мүмкін.
"Бүгінгі шешімді ескере отырып, тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау қағидалары 448 тауар позициясының өндіріс шарттарын қамтиды. "Сұр аймақ" тауарларының тізімі бірте-бірте қысқарып келеді. Бүгінде онда 27 тауар позициясы ғана қалды", - деді бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов.