Оқиға

Қарағанды облысында жүргізуші көлігімен бірге жанып кетті

Sputnik
АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Қарағанды облысындағы Федоров су қоймасы бағытындағы жолда қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 28 маусымда сағат 18.00 шамасында болған.

"Федоров су қоймасына барар жолда "Мерседес Бенс 124" автокөлігі жол апатына ұшырады. 41 жастағы жүргізушісі рульді тізгіндей алмай, ағашқа барып соғылған. Салдарынан көлік пен жүргізуші жанып кетті", - деп хабарлайды ведомство.

Қазіргі күні сараптама жасалып, тергеу амалдары басталды.
Оқиға
Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутер соқтығысып, 17 жастағы жасөспірім көз жұмды