Оқиға

Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутер соқтығысып, 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2023
Жазылу
АҚТӨБЕ, 29 маусым – Sputnik. Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысып, салдарынан кәмелетке толмаған бала мерт болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қалалық полиция депаратментінің мәліметінше, 28 маусым күні Әбілқайыр хан даңғылының бойында Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы "Ваз 21103" автокөлігі мен кәмелетке толмаған бала тізгіндеген скутер соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан скутердің жүргізушісі 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жан сақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қарағанды облысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Қарағанды облысында болған жол апаты алты адамның өмірін қиды
Жаңалықтар
0