АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің хабарлауынша,қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 90-ға жуығы - елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін.
Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтерлердің кілттері табысталады.