Қоғам

Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылданды

© Photo : PixabayБлокнот, қалам
Блокнот, қалам - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 сәуір - Sputnik. Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылданды.
Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. Үкіметтің тиісті қаулысы шықты.
"Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады”, - делінген қаулыда.
Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
тұрғындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Өңірлер
Елорда халқының саны екі есе өсті
Жаңалықтар
0