Өңірлер

Қызылордада бір топ әйел әлеуметтік желіде танысқан ер адамдардан ақша бопсалап келген

Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында ер адамдардан ақша бопсалап келген үш әйел ұсталды.
Полицияға ер адам арызданып, сәуір айынан бері белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен жазысқан хаттар үшін 500 мың теңге талап етіп жүргенін айтқан.
Полицейлер кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, өңірдің үш тұрғынын ұстады. Анықталғандай, әйелдер әлеуметтік желіде фейк аккаунт ашып, танысқан ер адамдардан абыройға кір келтіретін мәліметтерді желіге таратпау үшін ақша сұраған.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бопсалаушылардан барлығы 8 ер адам зардап шекті. Заттай айғақ ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді.
ҚК 194-бабы 2-бөлігі "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Екі күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Қостанай тұрғынын ұрып-соғып, 6 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды