https://sputnik.kz/20230627/qyzylorda-aleumettik-zheli-er-adamdar-aqsha-bopsalap-kelgen-36379270.html
Қызылордада бір топ әйел әлеуметтік желіде танысқан ер адамдардан ақша бопсалап келген
Қызылордада бір топ әйел әлеуметтік желіде танысқан ер адамдардан ақша бопсалап келген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында ер адамдардан ақша бопсалап келген үш әйел ұсталды. 27.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-27T16:09+0500
2023-06-27T16:09+0500
2023-08-09T10:12+0500
өңірлер
ақша бопсалау
қызылорда
әйел
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15701477_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_408945ed87bf99b9babccd85d61fded7.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында ер адамдардан ақша бопсалап келген үш әйел ұсталды.Полицияға ер адам арызданып, сәуір айынан бері белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен жазысқан хаттар үшін 500 мың теңге талап етіп жүргенін айтқан.Полицейлер кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, өңірдің үш тұрғынын ұстады. Анықталғандай, әйелдер әлеуметтік желіде фейк аккаунт ашып, танысқан ер адамдардан абыройға кір келтіретін мәліметтерді желіге таратпау үшін ақша сұраған.ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бопсалаушылардан барлығы 8 ер адам зардап шекті. Заттай айғақ ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді.ҚК 194-бабы 2-бөлігі "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Екі күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
https://sputnik.kz/20230622/qostanay-turgynyn-uryp-sogyp-6-mln-tenge-bopsalagan-qylmystyq-top-ustaldy-36256521.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15701477_80:0:2331:1688_1920x0_80_0_0_4cb499eb1a93e2de4f4787f23b2709df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақша бопсалау, қызылорда, әйел
ақша бопсалау, қызылорда, әйел
Қызылордада бір топ әйел әлеуметтік желіде танысқан ер адамдардан ақша бопсалап келген
16:09 27.06.2023 (жаңартылды: 10:12 09.08.2023) АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында ер адамдардан ақша бопсалап келген үш әйел ұсталды.
Полицияға ер адам арызданып, сәуір айынан бері белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен жазысқан хаттар үшін 500 мың теңге талап етіп жүргенін айтқан.
Полицейлер кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, өңірдің үш тұрғынын ұстады. Анықталғандай, әйелдер әлеуметтік желіде фейк аккаунт ашып, танысқан ер адамдардан абыройға кір келтіретін мәліметтерді желіге таратпау үшін ақша сұраған.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бопсалаушылардан барлығы 8 ер адам зардап шекті. Заттай айғақ ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді.
ҚК 194-бабы 2-бөлігі "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Екі күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.