АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Тәжірибелі ауыр атлет Владимир Седовтың мәйіті табылды, деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
35 жастағы зілтеміршінің мәйіті Қаратал ауданы Достық ауылындағы өзінің үйінен табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Туыстарының айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Владимир Седов республиканың бірнеше дүркін чемпионы болды, 2008 жылғы Олимпиадаға қатысты.
2016 жылдың шілдесінде допингпен ұсталды. Ал 2019 жылы 2008-2016 жылдар аралығындағы барлық титулы ресми түрде жойылды.
2016 жылдың шілдесінде допингпен ұсталды. Ал 2019 жылы 2008-2016 жылдар аралығындағы барлық титулы ресми түрде жойылды.