Елорда тынысы

Астанада Құрбан айт күні автобустардың жүру уақыты өзгереді

Елордада айт намазы мешіттерде таңғы сағат 06.00-де оқылады
Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Астанада 28 маусым – Құрбан айттың бірінші күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05.00-ден бастап қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Құрбан айт мейрамына байланысты қоғамдық көлік жұмысын әдеттегіден бір сағат ерте бастайды.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05:00-ден қатынай бастайды. Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Астана мешіттерінде 28 маусым күні айт намазы таңғы 06.00-де оқылады. Құрбан айт намазының кестесімен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Бұған дейін қалада құрбандық шалынатын орындар анықталған болатын. Олар таңғы 8-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Олар мына мекенжайда орналасқан:
"Жайлау" базары, Алаш тас жолы, С-313 көшесі ("Шарын" базарының арты);
"Шанхай" базары, Алаш тасжолы, 34/6 ("Көк базар" базарының арты);
"Шопан ата" базары, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
"Баракат" базары, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
"Ұлжан" әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары).
Айта кетері, Құрбан айт қатарынан үш күн тойланады. Биыл мейрамның бірінші күні, яғни 28 маусым қазақстандықтар демалады.
Күйеуі мен әйелі қандай жағдайда жеке-жеке құрбан шалады