https://sputnik.kz/20230626/kuyeui-men-ayeli-qanday-zhagdayda-zheke-zheke-qurban-shalady-36341009.html
Күйеуі мен әйелі қандай жағдайда жеке-жеке құрбан шалады
Күйеуі мен әйелі қандай жағдайда жеке-жеке құрбан шалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт күндері құрбан шалу кімге міндет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 26.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-26T12:36+0500
2023-06-26T12:36+0500
2023-06-26T12:46+0500
құрбан айт
құрбан шалу
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1b/17973625_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_a230dcae03a368c2dd12377a4d9ed94c.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт күндері құрбан шалу кімге міндет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбайдың айтуынша, құрбан шалу уақыты 28 маусым күні айт намазы оқылғаннан кейін басталып, 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни аталмыш уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешігіп те қалуға болмайды."Құрбан айт күндері дәулетті, қажетінен тыс зекеттің нисаб мөлшеріне жеткен, азат, балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, Құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманға құрбан шалу уәжіп, яғни міндет. Күнделікті күнкөрістен бөлек, артық дүниесі бар мұсылманның құрбан шалуы – міндет. Егер бір отбасының асыраушысы ер адам ғана болса, оның шалған құрбандығы тұтас отбасының атынан есептеледі. Ал ерінен бөлек, әйелінің де табысы күнкөрістен тыс, артық мөлшерде дүниесі болса, ол да өз атынан құрбан шалуға тиіс", - деп түсіндірді Дүйсенбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Құрбан айт күндері қой мен ешкі бір адамның атынан шалынады, ал түйе мен қара малды бір адамның немесе жеті адамның атынан шалуға болады. Бірақ жеті адамнан асып кетпеуі қажет.Бұл ретте барлық мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа шалынатын мал қой, ешкі, сиыр немесе түйе болуы керек. Құрбандыққа семіз әрі еті дәмді малды шалған абзал.Биыл құрбан шалу елімізде онлайн және офлайн форматта өтеді.Айта кетері, ертең 27 маусым – Арапа күні, ал 28 маусым Құрбан айт басталады. Айт намазы Астана қаласында таңғы 06.00-де оқылады.Шариғат бойынша зекет бере алатын адамға Құрбан айтта Алла разылығы үшін құрбандық шалу – уәжіп, яғни міндет. Ал зекет беру үшін мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетуі шарт. Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі), 30 ірі қара, 5 түйе немесе 85 грамм алтын. Яғни күнделікті қажеттілік пен қарыздан тыс жиналған мал-мүлік.
https://sputnik.kz/20230626/qaryz-alyp-qurban-shaluga-bola-ma--muftiyat-zhauaby-36339865.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1b/17973625_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_9658ceec93fe319ea4c307320f80b394.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрбан айт, құрбан шалу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт күндері құрбан шалу кімге міндет екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбайдың айтуынша, құрбан шалу уақыты 28 маусым күні айт намазы оқылғаннан кейін басталып, 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни аталмыш уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешігіп те қалуға болмайды.
"Құрбан айт күндері дәулетті, қажетінен тыс зекеттің нисаб мөлшеріне жеткен, азат, балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, Құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманға құрбан шалу уәжіп, яғни міндет. Күнделікті күнкөрістен бөлек, артық дүниесі бар мұсылманның құрбан шалуы – міндет. Егер бір отбасының асыраушысы ер адам ғана болса, оның шалған құрбандығы тұтас отбасының атынан есептеледі. Ал ерінен бөлек, әйелінің де табысы күнкөрістен тыс, артық мөлшерде дүниесі болса, ол да өз атынан құрбан шалуға тиіс", - деп түсіндірді Дүйсенбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Құрбан айт күндері қой мен ешкі бір адамның атынан шалынады, ал түйе мен қара малды бір адамның немесе жеті адамның атынан шалуға болады. Бірақ жеті адамнан асып кетпеуі қажет.
Бұл ретте барлық мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа шалынатын мал қой, ешкі, сиыр немесе түйе болуы керек. Құрбандыққа семіз әрі еті дәмді малды шалған абзал.
Биыл құрбан шалу елімізде онлайн және офлайн форматта өтеді.
Айта кетері, ертең 27 маусым – Арапа күні, ал 28 маусым Құрбан айт басталады. Айт намазы Астана қаласында таңғы 06.00-де оқылады.
Шариғат бойынша зекет бере алатын адамға Құрбан айтта Алла разылығы үшін құрбандық шалу – уәжіп, яғни міндет. Ал зекет беру үшін мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетуі шарт. Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі), 30 ірі қара, 5 түйе немесе 85 грамм алтын. Яғни күнделікті қажеттілік пен қарыздан тыс жиналған мал-мүлік.