ЕАЭО елдері тауарлардың шығарылған елін растау ережелеріне толықтырулар енгізуге келісті

Sputnik
АСТАНА, 26 маусым— Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау қағидаларының жаңа шарттарына келісті, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия сайты.
23 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау ережелерінің №1 қосымшасына толықтырулар енгізілді. Бұл мәселе Қазақстан бастамасымен күн тәртібіне қосылды.
"Энергетикалық машина жасау, электротехникалық және кабель өнеркәсібі" саласының алты тауар позициясы үшін мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат комиссия құратын өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімінен алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылатыны нақтыланады.
Тиісті мемлекеттік органдар мен елдердің бизнес өкілдері келісілген өндіріс шарттарына сәйкес келетін өнімдер тізілімге енгізілуі мүмкін.
"Бүгінгі шешімді ескере отырып, тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау қағидалары 448 тауар позициясының өндіріс шарттарын қамтиды. "Сұр аймақ" тауарларының тізімі бірте-бірте қысқарып келеді. Бүгінде онда 27 тауар позициясы ғана қалды", - деді бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов.
ЕАЭО елдерінде бәсекелестік ережесі сақталып жатыр ма?