АСТАНА, 25 маусым - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, мемлекет басшысы Ресейдегі әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты 24 маусымда күні бойы барлық мүдделі ведомство басшыларымен шұғыл байланыста болды.
"Президент Қауіпсіздік кеңесінің таңертең өтетін кезектен тыс отырысында өзі берген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде осы ведомстволардың есебін тыңдап, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайды", - деді ол.