Ақмола облысында демалыста жүрген полиция бөлімі бастығының орынбасары жоғалып кетті

Sputnik
АСТАНА, 25 маусым - Sputnik. Ақмола облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин іздестіріліп жатыр.
Ақмола облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин іздестіріліп жатыр.
23 маусымда полицияға Дүйсембиннің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы өтініш түскен. Әйелінің айтуынша, ол 20 маусымда үйден шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Полиция департаментінің баспасөз қызметі Дүйсембин қазіргі уақытта еңбек демалысында жүргенін хабарлады.

"Өтініш түскеннен кейін бірден полиция департаменті кешенді іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Зеренді ауданы полиция бөлімі, Көкшетау қалалық полиция бөлімі, полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ әскери қызметшілер мен еріктілер жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Полиция Дүйсембин туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу хабарлауды сұрайды.
Өңірлер
Атырауда гала-концертте 172 бала жоғалып кетті