Қызылорда облысында 21 адам қарбыздан уланып қалды

Sputnik
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қызылордада жаз басталғалы 21 адам қарбыздан ұшынып, ауруханаға түскен. Мамандар "қазір қарбыз жеу қауіпті" деп дабыл қағуда. Өйткені, құрамындағы нитрат мөлшері жоғары өнімнен уланып қалуыңыз мүмкін, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Қыс мезгілінде ең көп таралатын дерт тұмау болса, жазғы маусымда жіті ішек инфекциясы жиі тіркеледі. Бұл- ерте піскен бақша өнімдері, оның ішінде қарбыздан келетін қауіп. Себебі шаруалар мол табысқа кенелу үшін өнімнің ерте пісуіне әсер ететін түрлі химикаттар қосады. Ал бұл адам ағзасына айтарлықтай зиян.
"Көрсеқызарлықпен жегеннің соңы аурумен аяқталды. Мамандар бұл уақытта сауда сөрелерінде пайда болған қарбыздардың өте қауіпті екенін ескертеді. Бірақ оған құлақ асып жатқандар аз", - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің бөлім басшысы Меруерт Бидасова.
Қарбызда тәтті дәмнің болмауы- нитраттыңбар екенінаңғартатын бірденбір белгі. Журналистер сатылымдатұрған қарбыздыңбірін алып, оны тексеруүшін арнайызертханаға апарды. Сынама нәтижесі қандай?
"Бұл қарбыздың консистенциясы өте әлсіреген, соғылған деп те айтуға болады, жеуге жарамды жерлерінің көбіне зиян келтірілген. Яғни, адамның организміне көп мөлшерде нитрат түсіп, іш өту, бастың айналуы, құсу сияқты салдарға әкелуі мүмкін", - дейді зертхана маманы Айнұр Серікқанқызы.
Мамандардың айтуынша, сатып алу кезінде қарбыздың тұтастығына назар аударған жөн. Сондай-ақ ішкі бөлігін көру үшін кестірген де дұрыс емес. Гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызды екенін ескертеді. Дәрінің күшімен емес, өз уақытымен піскен өнім шілденің соңында келеді.