Қазақстандық оқушылар Өзбекстандағы халықаралық форумға қатысып жатыр

Ташкент ауданындағы "Семург" балалар лагерінде "Достастық балалары" атты ТМД-ға мүше мемлекеттердің сегізінші халықаралық мәдени-білім беру форумы өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанның мектеп оқушылары Өзбекстанда өтіп жатқан "Достастық балалары" халықаралық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің хатшылығы.
Биыл форум "Достастық балалары: уақыт пен ұрпақ арасындағы ажырамас байланыс" ұранымен ұйымдастырылды.
Қазақстандық оқушылар Өзбекстандағы халықаралық форумға қатысып жатыр
Іс-шараға сонымен қатар ТМД-ның басқа елдерінен, атап айтқанда, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген оқушылар мен олардың тәлімгерлері қатысып жатыр.
Әр делегация өз елінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы презентация жасайды.
Жобаның мақсаты – балалар мен жастарды тату көршілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу үшін халықаралық платформа құру.
Қазақстандық оқушылар Өзбекстандағы халықаралық форумға қатысып жатыр
Оқушыларды экскурсиялар, көрмелер, шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар, интеллектуалдық ойындар, білім беру тренингтері, музыка чемпионаты, поэзия кештері, цирк шоуы, кино көрсетілімдері, дискотека және басқа да көптеген іс-шара күтіп тұр.
Айта кетері, "Достастық балалары" форумы 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Оған осы жылдар ішінде барлығы 700-ден астам мектеп оқушысы қатысты.