https://sputnik.kz/20230624/qazaqstandyq-oqushylar-ozbekstandagy-khalyqaralyq-forumga-qatysyp-zhatyr-36313995.html
Қазақстандық оқушылар Өзбекстандағы халықаралық форумға қатысып жатыр
Қазақстандық оқушылар Өзбекстандағы халықаралық форумға қатысып жатыр
Sputnik Қазақстан
Ташкент ауданындағы "Семург" балалар лагерінде "Достастық балалары" атты ТМД-ға мүше мемлекеттердің сегізінші халықаралық мәдени-білім беру форумы өтіп жатыр 24.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-24T19:09+0500
2023-06-24T19:09+0500
2023-08-09T09:59+0500
өзбекстан
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/18/36310051_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_3a99f557866624b8f3c2d5a7d27b067e.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанның мектеп оқушылары Өзбекстанда өтіп жатқан "Достастық балалары" халықаралық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің хатшылығы.Биыл форум "Достастық балалары: уақыт пен ұрпақ арасындағы ажырамас байланыс" ұранымен ұйымдастырылды.Іс-шараға сонымен қатар ТМД-ның басқа елдерінен, атап айтқанда, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген оқушылар мен олардың тәлімгерлері қатысып жатыр.Әр делегация өз елінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы презентация жасайды.Жобаның мақсаты – балалар мен жастарды тату көршілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу үшін халықаралық платформа құру.Оқушыларды экскурсиялар, көрмелер, шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар, интеллектуалдық ойындар, білім беру тренингтері, музыка чемпионаты, поэзия кештері, цирк шоуы, кино көрсетілімдері, дискотека және басқа да көптеген іс-шара күтіп тұр.Айта кетері, "Достастық балалары" форумы 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.Оған осы жылдар ішінде барлығы 700-ден астам мектеп оқушысы қатысты.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/18/36310051_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_10a10cc88f07066f714ceba9fbfb3a69.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, оқушы
Қазақстандық оқушылар Өзбекстандағы халықаралық форумға қатысып жатыр
19:09 24.06.2023 (жаңартылды: 09:59 09.08.2023) Ташкент ауданындағы "Семург" балалар лагерінде "Достастық балалары" атты ТМД-ға мүше мемлекеттердің сегізінші халықаралық мәдени-білім беру форумы өтіп жатыр
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанның мектеп оқушылары Өзбекстанда өтіп жатқан "Достастық балалары" халықаралық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің хатшылығы.
Биыл форум "Достастық балалары: уақыт пен ұрпақ арасындағы ажырамас байланыс" ұранымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға сонымен қатар ТМД-ның басқа елдерінен, атап айтқанда, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген оқушылар мен олардың тәлімгерлері қатысып жатыр.
Әр делегация өз елінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы презентация жасайды.
Жобаның мақсаты – балалар мен жастарды тату көршілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу үшін халықаралық платформа құру.
Оқушыларды экскурсиялар, көрмелер, шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар, интеллектуалдық ойындар, білім беру тренингтері, музыка чемпионаты, поэзия кештері, цирк шоуы, кино көрсетілімдері, дискотека және басқа да көптеген іс-шара күтіп тұр.
Айта кетері, "Достастық балалары" форумы 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Оған осы жылдар ішінде барлығы 700-ден астам мектеп оқушысы қатысты.