АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанда бірден екі жаңа мереке енгізу ұсынылды. "Ашық НҚА" порталында Қазақстан үкіметі қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жаңа мереке – Азаматтық авиация күнін 1 ақпанда атап өту ұсынылды.
Қаулының екінші тармағы – 15 ақпанда аталып өтетін Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күнін қайта белгілеуді қамтиды.
Жоба 11 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.