Павлодарда бетон араластырғыш жүк көлігі аударылып қалды

Sputnik
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Павлодарда бетон араластыратын жабдығы бар жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"23 маусымда генерал Дүйсенов көшесінің бойында салынып жатқан нысандағы жұмыстар кезінде 57 жастағы КамАЗ бетон араластырғыш жүк көлігінің жүргізушісі бетон құйып жатқан кезде көлік аударып кетті", - деп жазылған хабарламада.
Облыстық полиция департаменті мәлімдегендей, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Тәртіп сақшылары жол апаты бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Өңірлер
СҚО-да 36 тонна дизель тиелген жүк көлігі аударылып кетті