https://sputnik.kz/20220607/sqo-dizel-tielgen-zhuk-koligi-25361892.html
СҚО-да 36 тонна дизель тиелген жүк көлігі аударылып кетті
СҚО-да 36 тонна дизель тиелген жүк көлігі аударылып кетті
Sputnik Қазақстан
Жол апатына түскен жүк көлігінің иесі тасжолда жеті сағаттай күтіп тұрған 07.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-07T08:48+0500
2022-06-07T08:48+0500
2023-08-09T12:49+0500
өңірлер
жүк
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/834/25/8342509_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_e0766e10274f0fdc6bb1ab6f2155a6cc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай таситын жүк көлігі жолдан шығып, аударылып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Жол апаты өткен жексенбі күні Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылына жақын жерде болған. 36 тонна дизель отыны тиелген жүк көлігі Кішкенекөл ауылынан астанаға шыққан. Volvo-ның 30 жастағы жүргізушісі Аққұдыққа жақындағанда рөлге ие бола алмай, жолдан шығып, аударылып кетті. Алдын ала мәліметке сәйкес, көліктің доңғалағында ақау болған. Колоннамен жүрген басқа жүргізушілер полицияға хабар берді. Оқиға орнына жергілікті жердің тәртіп сақшылары мен құтқарушылары барды. Жол апатына түскен жүк көлігінің иесі тасжолда жеті сағаттай күтіп тұрған.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/834/25/8342509_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_a6ba18014ebb27b99f8212783d7162bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк, солтүстік қазақстан облысы
жүк, солтүстік қазақстан облысы
СҚО-да 36 тонна дизель тиелген жүк көлігі аударылып кетті
08:48 07.06.2022 (жаңартылды: 12:49 09.08.2023) Жол апатына түскен жүк көлігінің иесі тасжолда жеті сағаттай күтіп тұрған
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай таситын жүк көлігі жолдан шығып, аударылып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Жол апаты өткен жексенбі күні Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылына жақын жерде болған. 36 тонна дизель отыны тиелген жүк көлігі Кішкенекөл ауылынан астанаға шыққан.
Volvo-ның 30 жастағы жүргізушісі Аққұдыққа жақындағанда рөлге ие бола алмай, жолдан шығып, аударылып кетті.
Алдын ала мәліметке сәйкес, көліктің доңғалағында ақау болған. Колоннамен жүрген басқа жүргізушілер полицияға хабар берді.
Оқиға орнына жергілікті жердің тәртіп сақшылары мен құтқарушылары барды.
"Жанар-жағармайды басқа көлікке ауыстырып құйды. Ал жүк тиегіштің көмегімен көлікті көтеріп, тасжолға шығарды. Түнгі сағат 23:00-ге таман өрт сөндірушілер Volvo-ны Аққұдық ауылына дейін апарып тастады", - дейді полицейлер.
Жол апатына түскен жүк көлігінің иесі тасжолда жеті сағаттай күтіп тұрған.