Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны артады

Sputnik
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Әуе қатынасы туралы хаттамаға Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа сәйкес елдер арасында тұрақты әуе рейстерін ұшыру үшін құқықтық база кеңейтілді.
Енді екі елдің жолаушылары үшін енді 32 рейс емес, 42 рейс ұшатын болады.
"Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында ұшатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы авиатасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ елдер арасындағы сауда - экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал етеді", - деп түсіндірді ведомство.
Айта кетейік, хаттамаға премьер-министр Әлихан Смайыловтың Әзербайжанға сапары кезінде қол қойылды.
Fly Arystan Астана мен Баку арасында жолаушылар рейсін іске қосады