Маңғыстау облысында үш күнде 200 ден астам заңсыз мигрант анықталды

Sputnik
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Маңғыстау облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 200-ден астам шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Lada.kz.
"Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы үш күнінде көші-қон қызметкерлері 319 әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтады", - деп атап өтті өңірдің полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, 248 шетелдік азамат жауапқа тартылған.
"Қазақстанның 64 азаматына шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке не заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар ережелерді елемей, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жеті құқық бұзушы анықталды", - деп толықтырды полиция.
Сондай-ақ сот Қазақстаннан шығару туралы 17 үкім шығарды, деп қорытындылады департаменттің баспасөз қызметі.
Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген – көші-қон полициясы