https://sputnik.kz/20230119/byltyr-almatyga-99-myn-sheteldik-kelgen--koshi-qon-politsiyasy-31286255.html
Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген – көші-қон полициясы
Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген – көші-қон полициясы
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келіп, 8 824-і көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz. 19.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-19T19:57+0500
2023-01-19T19:57+0500
2023-01-19T19:57+0500
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009564_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_8ac8a247c9b185dfa69e20cec0d0bf14.jpg
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келіп, 8 824-і көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz.Алматының көші-қон полициясының мәліметінше, 2022 жылы қалада уақытша жүрген шетелдіктердің саны 99 138 адамды құраған. Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35 938 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған."Көші-қон заңнамасын бұзғандардың 8 824-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 695 шетелдік елден шығарылды. 1 828 басқа елдің азаматы жеке басын куәландыратын құжаттары болғаны үшін полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 195 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.Оның айтуынша, өткен жылы қалада заңсыз көші-қонның 17 арнасы анықталып, жолы кесілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009564_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_4f2c7559708190932e609dc9944aa9f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдік
Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген – көші-қон полициясы
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келіп, 8 824-і көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды
Polisia.kz. Алматының көші-қон полициясының мәліметінше, 2022 жылы қалада уақытша жүрген шетелдіктердің саны 99 138 адамды құраған. Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35 938 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Көші-қон заңнамасын бұзғандардың 8 824-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 695 шетелдік елден шығарылды. 1 828 басқа елдің азаматы жеке басын куәландыратын құжаттары болғаны үшін полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 195 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Оның айтуынша, өткен жылы қалада заңсыз көші-қонның 17 арнасы анықталып, жолы кесілді.