Қызылордада күріш бағасын қымбаттатқан кәсіпкерлерге 70 млн теңге айыппұл салынды

Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Күріштің алты ірі өндірушісі мен көтерме сатушысына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, "Абзал и К" ТС, "Мағжан и К" ЖШС, "Жан-Арай" ЖШС, "Най-Мир" ЖШС, "Абай-Даулет" ЖШС және "Байдалиев К" ЖК кәсіпкерлері күріш бағасын белгілеп, ұстап тұруға келісіп, бәсекелестікке қарсы іс-қимыл жасағаны анықталды.
Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Осы жылдың маусым айында сот жоғарыда аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Мұнай базаларында жанар-жағармайды "сақтап" отырғандар жазаланады