https://sputnik.kz/20230406/munay-bazalarynda-zhanar-zhagarmaydy-saqtap-otyrgandar-zhazalanady-33654912.html
Мұнай базаларында жанар-жағармайды "сақтап" отырғандар жазаланады
Мұнай базаларында жанар-жағармайды "сақтап" отырғандар жазаланады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Өңірлік штабтар жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеріс жүргізеді, деп хабарлады Энергетика... 06.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-06T21:50+0500
2023-04-06T21:50+0500
2023-04-06T21:50+0500
мұнай
жанармай
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15506141_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_99c03c72d913d9f5dd9621de973fa0fd.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Өңірлік штабтар жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеріс жүргізеді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.Бұл мәселе бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуалға қатысты кеңесте талқыланды.Министрліктің мәліметінше, ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық."Сонымен қатар кейбір өңірлердегі жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуға шектеу енгізілгені байқалып отыр", - деп атап өтті ведомство.Ішкі нарықта жасанды тапшылықты болдырмау мақсатында өңірлік штабтарға, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттеріне, мемлекеттік кірістер департаменттеріне, экономикалық тергеу департаменттеріне, табиғи монополияларды реттеу департаменттеріне мұнай базаларына комиссиялық тексеру жүргізу тапсырылды.Заңбұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20230404/smayylov-benzin-bagasy-zhayly-munday-sheshim-qabyldauga-mazhbur-bolyp-otyrmyz-33551126.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15506141_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_cf61bed163d859540589b053341f0f2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, жанармай
Мұнай базаларында жанар-жағармайды "сақтап" отырғандар жазаланады
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Өңірлік штабтар жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеріс жүргізеді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл мәселе бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуалға қатысты кеңесте талқыланды.
Министрліктің мәліметінше, ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.
"Сонымен қатар кейбір өңірлердегі жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуға шектеу енгізілгені байқалып отыр", - деп атап өтті ведомство.
Ішкі нарықта жасанды тапшылықты болдырмау мақсатында өңірлік штабтарға, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттеріне, мемлекеттік кірістер департаменттеріне, экономикалық тергеу департаменттеріне, табиғи монополияларды реттеу департаменттеріне мұнай базаларына комиссиялық тексеру жүргізу тапсырылды.
Заңбұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізіледі.