Атырауда субұрқаққа баланың аяғы қысылып қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Атырауда субұрқаққа аяғы қысылып қалған балаға құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
20 маусымда сағат 20:00 шамасында баланың аяғы субұрқаққа қысылып қалған.
Атырауда субұрқаққа баланың аяғы қысылып қалды
"Атырау қаласы Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан субұрқақта ойнап жүрген 10 жастағы баланың аяғы субұрқақтың су төгетін құбырына қысылып қалған. Бала өздігінен шыға алмаған. Тіпті үлкендер де көмектесе алмаған", - дейді ведомство.
Баланың ата-анасы жанталасып көмекке құтқарушыларды шақырған. Олар балаға зақым келтірмей, арнайы құтқару құралдардың көмегімен баланың аяғын темір құбырлар арасынан шығарып алған.
Көкшетауда әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды: қылмыстық іс қозғалды