Көкшетауда әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды: қылмыстық іс қозғалды

© Photo : Tobias LindnerЭскалатор, архивное фото
Эскалатор, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2023
Жазылу
КӨКШЕТАУ, 23 сәуір - Sputnik. Орталық базарда әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Щучинск қаласы тұрғынының эскалаторда жарақат алу фактісіне байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-бөлігі, яғни қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін тауар шығару немесе сату, қызмет ұсыну бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы оқиғаны тергеу барысында сот-медициналық сараптама жасалады, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Еске сала кетсек, Көкшетауда 67 жастағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалып, ол бес бақайынан айырылды. Ол елордалық ауруханаға жатқызылды.
Эскалатор - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2019
Әлем
Қараусыз қалған сәби эскалаторға шығып кетті: оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді - видео
Жаңалықтар
0