АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан Сирия бойынша келіссөздердің Астана процесін осы жолғы 20-шы раундпен аяқтауды ұсынды.
Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Қанат Тұмыштың айтуынша, Астанадағы бұл келіссөз Қазақстанның соңғы 6 жылдағы бітімгершілік әлеуетін көрсетті.
"Сирия халқы үшін осы қиын және тағдырлы кезеңде біз барлық қатысушының қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтеміз. Біз ізгі ниет және бітімгершілік күш-жігердің арқасында жоғары мақсатқа қол жеткізілетініне сенімдіміз", - деп атап өтті спикер.
Қанат Тұмыш Сириядағы жағдай түбегейлі өзгергенін атап өтті.
"Араб мемлекеттерінің Дамаскімен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге дайындығы үлкен дәлел. Мұның айқын көрінісі – Сирияның Араб лигасына оралуы. Сонымен қатар біз Иран, Сирия, Түркия және Ресей Сыртқы істер министрліктері арасында өткен 20 халықаралық кездесу жемісті нәтиже берді", - деп жалғастырды Тұмыш.
Сирияны оқшаулаудың біртіндеп тоқтатылғаны Астана процесінің құрметті миссиясының сәтті орындалғанын білдіреді, деді СІМ басшысының орынбасары.
"Сирияның Араб отбасына оралуы – бұл үлкен жетістік. Астана процесі аясындағы кездесуді Сирия бойынша өткен 20 халықаралық кездесудің қорытынды раунды деп ресми түрде жариялауды ұсынамыз", - деп түйіндеді спикер.
Айта кетері, Астанада Сирия бойынша келіссөздердің 20-раундының пленарлық отырысы өтті.