Адамға құс боп ұшу бұйырмаған. Бірақ әлемді әуеде қалқып жүрген құс секілді тамашалауға заманауи технологиялар мүмкіндік беріп отыр.
Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Воднев оқырмандарға қалаға құс көзімен қарау мүмкіндігін сыйлап, дронмен түсірілген суреттер топтамасын дайындады. Бұл кадрлар тек әуеден ғана көрінетін бейнелерді көруге, сүйікті Астанамыздың бас айналдыратын көріністеріне, оның қайталанбас ғимараттарына, сол және оң жағалаулардағы қала пейзаждарына, таңның атуы мен күннің батуы кезіндегі әсем көріністерге тамсануға мүмкіндік береді!
Хан-Шатыр, Әбу-Даби Плаза мұнаралары, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт және елордамызды бүкіл әлемге танытатын басқа да көптеген нысандар!
Өзіңізді бір сәт қанатты құс ретінде елестетіп, мына керемет суреттерді тамашалаңыз!
P.S. Ширек ғасыр ішінде Қазақстанның елордасы – Астана таңғаларлықтай өзгерді. Кезінде құнарлы тың топыраққа бой көтерген шағын қала орнында зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Бұл нысандардың көпшілігі бірегей конструкция саналады. Елордада жаңа тұрғындар – жаңа азаматтар дүниеге келді. 25 жыл ішінде мұнда көптеген іс-шара мен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Мегаполистің халықаралық аренада өзіндік ерекше архитектуралық стилі мен бейнесі қалыптасты. Астана бүкіл әлемге танылды. Жалпы қаланың елорда мәртебесіндегі осы 25 жылы бас қаланы көшіру туралы шешім тәуелсіз мемлекет тарихындағы жаңа, маңызды кезеңге айналғанын көрсетті.
Келе жатқан туған күнің құтты болсын, сүйікті астана! Мәртебең аласармасын!